Назардан тыс қалып жүрген 6 эроген аймақ


Ерін, мойын, омырау, жыныстық мүше сияқты стандарт жерлерден басқа әйел денесінде эрогендігі жоғары басқа аймақтарда бар әлбетте. Мамандардың айтуынша назардан тыс қалып жүрген, дұрыс бағаланбаған басты 6 аймақ бар.
1. Аяқ

Аяқпен ойнау тек аяқ фетишистерінің ісі емес. Башпай ұштары және табан — өте сезімтал нүктелер. Табан және өкшеде бірнеше қоздырушы нүкте бар. Оларды табу үшін табан массажын жасау керек.
2. Арқа

Жүйке жолдары кеңінен өтетін аймақ. Арқа омыртқаны саусақ ұшымен жоғарыдан төмен өткізіп көріңіз. Жұмыстан кейін иық және арқаға жасалатын массаж тек демалдырып қана қоймайды, қан айналымын күшейтіп қоздырады.
3. Іш

Іштің сезімталдығы сондай — кей әйелдер ішті сипағаннан да оргазм бола алады екен. Осыдан-ақ түсінуге болады бұл аймақтың мықтылығын.
4. Жамбас

Біреуге қатты, біреуге жұмсақ қатынас. Бабын таба білсең және қолдың фантазиясына қарай бұл аймақ әлбетте мықты сезімтал, қоздырушы аймақ.
5. Шынтақ пен тізе

Назардан ең көп тыс қалған аймақ болуы да мүмкін бұлар. Екеуінің де ішкі жағында сипалауды күтіп жатқан жүйке талшықтары бар. Сипау немесе жеңіл сүйіс арқылы қоздыруға болатын айматар.
6. Ми

Басты басқарушы аймақ. Негізгі ақпарат қабылдаушы. Романтикалық атмосфера, иіс, әдемі сөздер, көзқарас. Осының барлығы алдын ала қоздыру және дайындау шаралары болып саналады.